Жеңеше-ай (3-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жеңеше-ай (3-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3365
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы-ай,
Жағасында сарғайған жапырағы,

Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!

Ата-анамды сағынып әнге салдым-ай,
Бауырымның хабарын алмағалы.

Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!

Ақ қағазға хат жаздым қалам алып-ай,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.

Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!

Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай,
Шалға кетіп қор болдым есім танып.

Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері