Алмасып жарық күн мен қараңғы түн – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Алмасып жарық күн мен қараңғы түн» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Алмасып жарық күн мен қараңғы түн,
Тұлғаммен ертеңге еніп барам бүтін.
Түпсізге қайырылмасқа аттанбаққа,
Түбі бір кесіледі адамға үкім.
Сол күні кетер ара шын алшақтап,
Құм басып жоғалады-ау мынау соқпақ.
Достық бар, одан өзге ештеңе жоқ,
Біздегі бар белгіні тұрар сақтап.
Достық бар, одан өзге ештеңе жоқ,
(Болмаса болмашыдан сескенер ек).
Сезімнің секем салар бәрі алдамшы,
Ертең — сау, түсте — дертті, кеште — медет.
Білмеймін менің сырым кімге аянын,
Күн сайын үміт қашып, ұлғаямын.
Санама саңылаудан сәуле салған,
Жалғыз дос — жанға дауа жырды аядым.
Жалғыз дос жанға дауа жыр ғана ма,
Есілген есіл жігер құм қалада.
Тәңірім, тәспіқ ұстар медет берші,
Жүрегі жырым-жырым бір балаға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алмасып жарық күн мен қараңғы түн өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Алмасып жарық күн мен қараңғы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алмасып жарық күн мен қараңғы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алмасып жарық күн мен қараңғы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері