Күзгі хат – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Күзгі хат» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1355
Жапырағын қайыңның жел ұрлайды,
Күздің өңі өзгеше:
Өмір. Қайғы.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақ кеп,
Көк теректің ығына дамылдайды.
Жел тінтеді тоғайдың етек-төсін,
Жеткізердей сызданып жат өкпесін.
Жас қайыңнан жұлынған жапырақты,
Жел қуалап аулаққа әкетпесін.
Жапырақ-жыр жазып ем саған арнап,
Қайыңмын деп көктейтін далаға орнап.
(Далаға орнап күз жатыр нала қамдап).
Өзегімнен үзілген жапырақ-жыр
Саған кетті, ұшырмай көр амалдап.
Мен қайың деп, ал сені көк терек деп,
Теңеп көрдім өзімше ептеп-ептеп.
Жапырақ — жыр, сезімің жел шығар деп,
Өлеңімді лақтырмашы өкпелеп кеп...
1997.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі хат өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Күзгі хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзгі хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері