Бір арудың атынан – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Бір арудың атынан» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Көктемнің желегі желбіреп
күлгенде қалаға келген ем.
Ол мені күтпеді келді деп,
Өз балаң едім ғой мен деген.
Аң-таң боп қараймын сәуірге,
Қар да жоқ, гүл де жоқ — тым сұрғылт.
Жылу жоқ қарт жердің тәнінде,
Суынып кеткендей мұңсыз жұрт.
Шығынып кеткендей бәрінен,
Көңілсіз көктемге көнген ел.
Үйлердің терезе-лерінен,
Қарайды қайырымсыз пенделер.
Қарайды қадалып сан жанар,
Ымыртта найқалған ырғаққа.
Суықтан бүріскен қарғалар,
Ұшты әне, топталып күн жаққа.
Қанатын сілкілеп қара түн,
Күн бетін тұмшалап жапқанда.
Жалынға шарпытып қанатын,
Өртеніп құлады топ қарға.
Осы да қызықты ғұмыр ма —
Ел неге жаймады кең құшақ?
Құстар да құштар ед жылуға,
Кетті әне, өртеніп...
Мен құсап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір арудың атынан өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Бір арудың атынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір арудың атынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір арудың атынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері