Достым – Құралай Омар

Бұл бетте «Достым» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 792
Бауыржан Қарағызұлына

Достым,
Мені жалғыздық қой қинаған.
Мұңым күліп, жүрегімді жүр қанап.
Сыр айтпақ ем,
Тұла бойға сыймаған
Сағынышым жанарымнан сырғанап,
Іштен тындым. Жоқ тіпті үн.
Көкірегімді күйдіреді бір ащы.
Дауысыма дірілі еріп өксіктің,
Көп сөздерім күрсініске ұласты.
Ауыр демім кеңістікке жұтылып,
Ауыр ойым жүк түсірді алқымға.
Қолын беріп, “қош” деп менен құтылып,
Есіне алмай алыста жүр жартым да.
Асығамын, кеткім келіп мәңгіге,
Жүдеткенде бұл тіршілік – қыбырлақ.
Таппаған соң жөні түзу әңгіме,
“Оған сәлем айтшы” дедім сыбырлап.
Сәлемімді жеткізші, достым, оған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достым өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Достым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері