Қазақтың қызы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қазақтың қызы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 650
Көзінше жұрттың қарамас телміріп жарға,
Сағынған шақта ес көрер жасанды елесін.
Сүйемін деген сөзін де айтады іштей,
Сағындым деген сөзі сол: - қашан келесің?

Адалмын деген сөзі сол- бір тыным алмай,
Жүреді үйдің ісімен әбігер болып.
Жарынан күман ойласа қайғырып іштей,
Әдемі жүзі аз күнде кетеді солып.

Ренжіп қалса онысын ешкімге айтпай,
Бір күнде үйін сан рет сыпыра берер.
Кешіксе жары уағында үйіне қайтпай,
Қысылған жаны мұрнының ұшына келер.

Баласын баптап, шошынса жүрегін аптап.
Дайын тұр десең елемес азаптың жүзі.
Арға дақ салу ойына кіріп те шықпас,
Есіл аналар – кешегі қазақтың қызы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың қызы өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың қызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері