Өлең, жыр, ақындар

Тал

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1363
Көріп қалып Шаруаның балтасын,
Жас тал айтты: «Көгершінім, жарқыным,
Мені қысқан шапшы орман қалқасын,
Жоқ өсетін қарқыным:
Көрмеймін күн жарығын,
Таралып та кете алмайды тамырым.
Айналамнан еспейді еркін самал да,
Осылайша тар қыспақта қалам ба?
Осылардан кесір, қыспақ болмаса,
Сұлулықты көрсетер ем онда аса.
Көлеңкемді жаяр ем бар өңірге,
Жіңішкемін, осы-дағы өмір ме?»
Шаруа алып балтасын,
Көмектесіп досына,
Тілегіне қосыла,
Жас шыбықтың кеңейтті бір арқасын.
Созылмады қуанышы, бірақ та,
Бірде аптап күйдіріп,
Бірде нөсер құйды ұрып,
Бірде желден қалды ақыры құлап Тал.
«Ақымақсың, – деді Жылан сезіммен, –
Барлық қырсық өзіңнен.
Құшағында тұрғанда ну орманның,
Тимеуші еді саған аптап, жел-дағы.
Кәрі ағаштар – қашан да нық қорғаның,
Жөн еді ғой олардың сау болғаны.
Бір жайқалып тұрар ең,
Өз жөніңмен шырқап өсіп шығар ең.
Жетіліп те бекініп;
Тап осындай қайғы құшып, өкініп,
Дауыл менен жауынға онда құлар ма ең?»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрт пен алмас

  • 0
  • 0

Ұшқыннан өрт басталып,
Үйге қарай бас салып,
Алаулады Жалын тілі жаланып.
Айқай-шудың ішінде

Толық

Аю бастық

  • 0
  • 0

Саялы бағанда,
Алтынды тағында
Аю бастық марқайып,
Отыр еді шалқайып.

Толық

Бір ғұмыр

  • 0
  • 0

Болса да қалыңдығы тілдей ғана,
Салмағы бұл кітаптың зілдей дара.
Жүректі жарып шыққан мөлдір бастау
Арналған бір өзіңе үрдей ғана.

Толық