Саудагүлдің саудасы

Бұл бетте «Саудагүлдің саудасы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2318
Біреулер кітап өтпейді дейді,
Біреулер кітап жетпейді дейді.
Өтпейді де емес,
Жетпейді де емес,
Дүкеншілер кітаптан шеттейді,
Дұрыс еңбек етпейді.
Саудагүлдің айласын көрмейсің бе?
Әділ баға бермейсің бе?
Біреу келіп: «Шәй», – дейді,
Саудагүл: «Қолыңды жай», – дейді.
Анау қолын тосып береді.
Саудагүл көп ойланып жатпайды,
Аларманды жата кеп мақтайды,
Сөйтіп, бір шәйға бір кітап қосып береді.
Анау келіп: «Маған май», – дейді,
Мынау: «Бұл – майға пай», – дейді,
Керек болмаса, тай», – дейді.
Аларман амалсыз алып кетеді,
Пайын да салып кетеді,
(Мүмкін, бір жерде қалып кетеді).
Ал, арақты атама,
Оған ауыз бата ма?
Кітап тегі жата ма?
Бір шыныға бесеуін,
(Тіпті нешеуін)
Қосып берсе де қың демейді,
Мынауың мін демейді.
Сауда жүріп жатады,
Саудагүл миығынан күліп жатады.
Оған бәрібір:
Елге керегі шәй ма?
Кітап па, әлде май ма?
Әйтеуір түсу керек пайда,
Ойланайықшы, кәне, бір.
* * *
Жазушылар жүректің сөзін тапса,
Саудагүл сауданың көзін табар.
Алушылар кітаптан безіп жатса,
Кітап жазушының өзін табар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саудагүлдің саудасы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Саудагүлдің саудасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саудагүлдің саудасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саудагүлдің саудасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері