Жемқорлыққа қарсы күрес – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 5738
Арыстан патша ақырды,
Аңдарды түгел шақырды.
Аңдар болса дірілдеп тұр,
Не айтар екен бүгін деп тұр.
Шолып алып жан-жақты,
Сөйледі Патша салмақты:
– Жемқорлық деген індет боп тұр,
Онымен күресу міндет боп тұр.
Бастарыңмен кеткенсіңдер,
Жазалар жерге жеткенсіңдер.
Күштілерің күшсізді,
Тістілерің тіссізді.
Алып ұрып талайсыңдар,
Өздеріңді зор санайсыңдар.
Жей бересіңдер талғамай,
Сонда, болғаны хал қалай?
Сөздерің өтпей жатса,
Әлдерің жетпей жатса,
Бірігіп, қағынып кетесіңдер,
Бір мықтыға жабылып кетесіңдер.
Ешкімге дес бермейсіңдер,
Патша барын ескермейсіңдер.
Оны да жеп қоясыңдар,
Кеңірдектеп бек тоясыңдар.
Бірақ, қанағат етпейсіңдер,
Келесі аңға беттейсіңдер.
Патшалықтағы ғажайып баяғы
Момын аңдар азайып барады.
Сол үшін, жемқорлықты жоятын,
Бәрін орындарына қоятын
Бір ұйым құрайық,
Жұдырықтай жұмылдырайық.
Оның мықты бастығы болсын,
Қолында тасбиғы болсын.
Тек Құдай жолымен жұмыс істесін,
Қалтқысыз дұрыс істесін.
Кәне, кімде ұсыныс бар?
Шығатын болсын ұсыныс дәл.
Түлкі былай деді:
– Патшамыз,
Егер дұрыс деп тапсаңыз,
Азуы алты қарыс,
Лайық оған, жалпы, Барыс.
Ұзындығы кездей,
Тырнақтары жездей.
Тыңдамағанды мыта салады,
Қылғытып жұта салады.
Мақсаттары баю болса,
Жемқорлықты жою болса,
Орынбасары Аю болса...
Тағы да бір пір атқан,
Қойды қатты ұнатқан,
Түйені де құлатқан,
Боса да қандай тапсырма,
Орындауға тақ тұрған,
Керек-ақ қой Қасқыр да...
Азулы да, тырнақты
Топтасса кіл мықтылар,
Іс тындырып бір нақты,
Жемқорларды ықтырар.
Жемқорлықпен күрестің
Не екенін ұқтырар.
Алдарында барлық аң
Құрақ ұшып тік тұрар...
* * *
Қабыл болып Түлкі сөзі тұғырлы,
Жемқорлықпен күрес тобы құрылды.
Айтар болсам шынымды,
Бұрынғы ма бұрынғы,
Жылға жетпей ,
Солған көктей,
Талай аңдар қырылды.
Міне, осындай жырынды
Жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жемқорлыққа қарсы күрес өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жемқорлыққа қарсы күрес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жемқорлыққа қарсы күрес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жемқорлыққа қарсы күрес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері