Жаның бір жұмбақ

Бұл бетте «Жаның бір жұмбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1839
Сылдырап ағады бұлақтар,
Шағылып күнге.
Сыбдырап бағады құрақтар,
Қосылып бірге.
Қарақат көзіңе қараймын,
Бұлақтай мөлдір.
Үніңді үніне балаймын,
Бұлбұлсың сен бір.
Қызғалдақ жайқалып шығады
Көктемде қырға.
Көзіңде – күміс күн шуағы,
Құлақта – сырға.
Шолпандай жап-жарық жанарың,
Жаның бір жұмбақ
Мен шексіз мол ләззат аламын,
Әніңді тыңдап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаның бір жұмбақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жаның бір жұмбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаның бір жұмбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаның бір жұмбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері