Бір құрбыға

Бұл бетте «Бір құрбыға» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2546
(Әзіл)

Көріп ек кермаралдай қыз күніңді,
Қырқысып жігіт біткен жүз жүгірді.
Қайрылмай кете бердің біріне де,
Қалайша ұмытайық біз мұныңды.
Қызғыштай қорып келген қыз күніңді,
Қыз едің үлбіреген үздік үнді.
Қауқиып қалыпсың-ау, қайран құрбы,
Қайыңдай қалтыраған күзді күнгі.
Қалдырып кербез, керім қыз күніңді,
Қалайша беріп қойдың тізгініңді?
Қысылмай қайдан таптың қасыңдағы
Қысық көз, қаба сақал, біз мұрынды?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір құрбыға өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бір құрбыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір құрбыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір құрбыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері