Ақынның анты – Саттар Ерубаев

Бұл бетте «Ақынның анты» атты Саттар Ерубаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 1
  • 5756
Көшелерді түн басты
Көзіндей сенің қап-қара.
Шаршауға мен де таяндым.
Қолжазбамды ақтара.
Қолжазбамның ішінен
Оқыдым өлең мынадай:
«Сонымен сұлу жылады
Жастанып көзі құралай».
Осы уақытта даладан
Есіттім өлең мынадай:
(Қолжазбамды көрген бе?
Ырза емес қой, бұл қалай?)
─ Әлденеше жыл өтті,
Мен бақытты болғалы.
Қуанышқа кездесіп,
Қайратқа бойым толғалы.
Әлденеше жыл өтті,
Дала бақша болғалы.
Бақшаға келіп бұлбұл құс,
Емін-еркін қойғалы.
Әлденеше жыл өтті,
Дала бақша болғалы.
Мен келіп сұлу жарымды
Сүйіп-сүйіп алғалы.
Ақындар жырлап берген жоқ,
Үйіме келіп отырып,
Бақытымды көрген жоқ,
Қарғып тұрып орнынан: -
Бақыт, бақыт деген жоқ,
Ақындардың мұнысы
Өзің айтшы, мақұл ма?
Жырламаған бақытты,
Отанды біздің ақын ба?
Кетіп барады жас шақтар
Жайлап басып қадамын,
Қараңғы түнді қақ жарып,
Отаныма қарадым.
Отанды құшқан бақытқа
Қуанышпен қарадым.
Өлең айтқан шахтерді
Дәуірім деп санадым,
Өрлей ұшқан дәуірім!
Мен жас ақын боламын,
Сен жүктеген міндетті
Қуанышпен аламын.
Ант беремін алдыңда
Орындалады дегенің.
Күндей күлген өлеңнен
Меруерт тізіп беремін,
Отанды құшқан бақыттан
Өлеңдер жазып беремін.
Осы айтқан сен антыма,
Орындалады дегенім.
Керек қылсаң алдында
Мылтық болады қаламым.
Денемнен тесіп оқ өтсін,
Тисін тасқа табаным.
Сонда да мен өлімге
Қуанышпен барамын.
─ Сен ел десең, дәуірім,
«Бақыт, бақыт» - дермін мен,
Алдыма алып аймалап
Қалқамды сүйген ерніммен.

1936


Пікірлер (1)

Қанат Абиба Бөкенбайқызы

Өте керемет кісі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақынның анты өлеңінің авторы кім?

Саттар Ерубаев — осы өлеңнің авторы.

Ақынның анты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақынның анты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Саттар Ерубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақынның анты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері