Астанам – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Астанам» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 562
Есімің жатқа күйік болғаны үшін,
Бәйтерегіңнің биік болғаны үшін.
Табанға бізді таптағысы келген,
Зұлымның жолы тұйық болғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Күмбезің көзді қарықтырғаны үшін,
Шырағың мәңгі жанып тұрғаны үшін,
Боздақтарымды желтоқсанда өлген,
Аязың еске салып тұрғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Арқада сайран құрғаның үшін,
Өзіңе ғашық қылғаның үшін,
Басқалар шыққан биік мінбеден,
Қандасым сөйлеп тұрғаны үшін,
Сүйемін сені Астана!

Иманға ұйып тұрғанын төрдің,
Елбастар көсем болғанын ердің,
Екі дүниеде арман жоқ менде,
Есілге елдің қонғанын көрдім.
Астана.

Атқарар істің байламы сенде,
Ұл менен қыздың қаймағы сенде,
Сәулет біткеннің ажары сенде,
Алты Алашымның айбары сенде,
Астана.

Келіп кетемін іззетімменен,
Кеудеме сен деп түлетіп өлең,
Өзіңді қорғау керек болса егер,
Бір даңғылыңды күзетіп өлем.
Астана!…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Астанам өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Астанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Астанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Астанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері