Шаһит болған достарыма – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Шаһит болған достарыма» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 1
  • 3066
(Орысшадан өзгерту)

Дүниеде ер жігіттің өлгені арман,
Қадірсіз айдалада көмгені арман.
Мехнатты, қайғы, қасірет, былғанышты
Бәрінен сұм дүниеге келгені арман.
Ер жігіт ақ өліммен өлгенінде,
Сыз төсек қара жерге көмгенінде,
Жалғыз-ақ сорлы ананы аяймын мен
Ойға алып жақындарым тергенімде.
Тыншығар біраз жылап сүйген жары,
Ұмытар жақын деген достың бәрі.
Дүниеде ұмытпайтын жалғыз-ақ сол,
Сорлы ана, көкірек жарған қайғы, зары
Аяныш емес ердің қара басы,
Аяныш емес және жан жолдасы,
Дүниеде ең аяныш естен кетпес —
Тамшылап сорлы ананың аққан жасы!

1919 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Набижанова Мафтуна

Өте тамаша маған керек осы еді

Осы автордың басқа өлеңдері