Азап вагоны – дозақ – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Азап вагоны – дозақ» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3072
Теңдігі үшін нашардың
Жауызға көнбей туладық.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы суық зынданды
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Шеңгелінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай шынжырлы
Өртеніп, қайнап қанымыз.
Бір шұңқыр су, түйір нан
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң-төсек
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні
Өкпені қауып аралап.
Қол-аяқта көк шынжыр,
Жыланша жалап, жаралап.
Жауыздардың дозағын
Көрдік қорлық азабын.

1919 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері