Атырау – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Атырау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 845
Атырау!
Тағы жыр боп ағытылдым,
Тоқтайтын тұсы сенсің бағытымның.
Шақ қалып жығылуға жүрем сенде,
Салмағын көтере алмай шабытымның.

Алтайдан саған дейін құлаш ұрған,
Айналдым бабалардың мұратынан.
Каспий дейтін арудың мұнайыңды,
Бұрымы ма деп қалам шұбатылған…

Жүргендейсің дәптерге шимай жазып,
Жан-жағыңа қарасаң мидай жазық.
Аялдамай бір сәтке қайта шығар,
Батқанымен ерке күн қимай барып.

Ұйқыдағы арудың көрпесіне,
Ұқсайтын құмға барам ертесің бе.
Сағынышым ботаның көздерінде,
Тауларым жүр түйенің өркешінде…

Қарай-қарай көз талып дара шыңға,
Келе алмадым тағдырмен жарасымға.
Іздейінші жеткізбей кеткен арман,
Киіктердің жүр ме екен арасында…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атырау өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Атырау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атырау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Атырау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері