Шаруа мен ит – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шаруа мен ит» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1107
Бай адамға сараң бір
Күзетем деп қораңды,
Бір Ит келіп жалданды,
Пісірмекші әм нанды,
Көшетті де түптеп, әрі суармақ.
Осындай да ақымақтар болады –
Кім сенеді бұған нақ?
Тұр алдап;
Мейлі, шіркін күзетсін-ақ қораны,
Нан пісірген Итті сірә кім көрген,
Көшет те егіп үлгерген?
Оқушым-ау, келмес сөздің иіні,
«Рас» десем, болмас істің түйіні;
Барбос бәрін атқармақшы үйде әлгі.
Үш міндеттің алса болды төлемін,
Не қылсын ол басқалардың керегін.
Бірде Мырза жәрмеңкеге жиналды.
Отағасы кетті, қайта оралды,
Көрді де үйін, көңіл күйі жоғалды.
Өкінді ол ал да кеп:
Көшет те жоқ, нан да жоқ.
Оған қоса ұры түсіп, қорадан
Түк қалдырмай тонаған.
Үй иесі зекіді кеп бәлемді,
Бәріне Ит тапты нақты дәлелді:
Нан піспеді көшетпенен жүргенде,
Көшет қалды нан деп үйге кіргенде.
Әуреленіп суменен де, күлмен де,
Ұрылардың келгенін ол білген бе?
Білмеген соң, үрген бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа мен ит өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Шаруа мен ит өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаруа мен ит өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаруа мен ит өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар