Арманым

Бұл бетте «Арманым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1781
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Алаулап әлі күнге жанғаным жоқ.
Үміттер жетелейді үнемі алға,
Арайлап ататұғын таңдарым боп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Шыңыма әлі шыға алғаным жоқ.
Тынымсыз талпынамын, шарқ ұрамын,
Бүгінді ертеңіме жалғағым кеп.
Асығыс алаңдатқан арманым көп,
Талпынған талабымнан танғаным жоқ.
Айта алсам болғаны тек:
Өмірімді
Адамзат бақытына арнадым деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арманым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арманым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арманым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арманым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері