ЖенПИ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «ЖенПИ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2317
(әзіл)

ЖенПИ – қыздың атағы,
ЖенПИ – қыздың жатағы.
ЖенПИ десе жүректе
Жаңа бір таң атады.
Қашан көрсең жігіттер
Сонда бара жатады.
Махаббаттың азабы,
Сылқым қыздың мазағы
Барған күннен батады.
Еркесі ұзақ күттіріп,
Табанынан тік тұрып,
Қақпа алдында қатады.
ЖенПИ – қыздың мақтаны,
ЖенПИ – жігіт қақпаны.
Бара қалсаң жар іздеп,
Жан рақат тапқалы,
Қайыршыдай телміртіп,
Күзеттірер қақпаны.
Осы болар көргенің,
Өткізгенше ең кемі
Арада алты аптаны.
Сиреп кетсе баруың,
Өзі шығар аруың
Тықырлатып тақтаны.
ЖенПИ – қыздың бөлмесі,
ЖенПИ – қыздың көрмесі.
ЖенПИ десе жігіттің
Желігеді пендесі.
Ә дегеннен аптығып,
Құлап түсе көрмеші.
Сылқым да бар, паң да бар,
Шертіп жүріп таңдап ал,
Ұмтылса да он бесі:
Үлбіреген еріні
Әлдекімнің келіні,
Әлдекімнің жеңгесі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ЖенПИ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

ЖенПИ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

ЖенПИ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ЖенПИ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері