Кілт пен құлып – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кілт пен құлып» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2080
Есікте құлып тұрды,
Тесікте кілт тұрды,
Соңғысы күліп тұрды:
– Құлыпты қашанда,
Жабам да, ашам да.
Сонда да
Бағамды ол білмейді,
Көзіне ілмейді.
Өкпем сол ғана –
Сені жұрт пір дейді.
Бірақ, менсіз
Ретсіз, жөнсіз
Үйге ешкім кірмейді.
Құлып былай деді:
– Соншалық Құдай ма едің?
Үйді бақсаң,
Мені ашып-жапсаң,
Орындағаның қожаның бұйрығын.
Ал, өзінше ашпайтын,
Ешқайда баспайтын,
Белгілі ғой құйрығың.
* * *
Мысалда мынандай мән бар:
Біреусіз ештеме шешпейтін,
Өзінше өспейтін
Аз емес қой жандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілт пен құлып өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кілт пен құлып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілт пен құлып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілт пен құлып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері