Деуші еді әкем! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Деуші еді әкем!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған әке туралы өлең берілген.

  • 12.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1594
Деуші еді әкем, апасының баласы.
Оған да әке, менің де бар таласым.
Сол анадан туып тұрып әкежан,
Қанды балақ бүркіт болдым қарашы.
Білім қудым, атақ пен даңқ қуғам жоқ.
Жүрдім талай белді бекем буған боп.
Елден бөтен ішті жарып шықтым мен,
Анам туды, хордың қызы туған жоқ.
Қысыр сөзді жақтырмадым, ұқпадым.
Ағайынның көңілін де жықпадым.
Кешір десе, кешпесімді кешірдім,
Әке сөзі Ата заңдай ұққаным.
Әл келгенше, сеніміңді ақтадым.
Мен де әкемін, әкеге мін тақпадым.
Қос тұмарым,
Қос пырағым дем беріп,
Қанат қағып кеткенімше баптадың.
Жарқырап тұр арайлы атып, ақ таңым.
Жүрегімде қимасымдай сақтадым.
Дүниені кезсем дағы өмірде,
Өздеріңдей қымбат жанды таппадым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Деуші еді әкем! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Деуші еді әкем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Деуші еді әкем! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Деуші еді әкем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері