Ініме

Бұл бетте «Ініме» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 4682
Мен көрмесем деп ем:
Төккенін көзіңнің мол мұң,
Шыққанын сөзіңнің солғын.
Менің өмірім бір кітап десем,
Үлкен ғой онда өзіңнің орның.
Бар күйі шертілген жоқ
Жастықтың сазының да әлі,
Жайлауым жазы құмындағы,
Сен бір қызық тараусың, інім!
Өмірімнің мазмұнындағы.

Сен кейде еске аларсың мені,
Елжіреп сағынарсың дағы.
Сөзімнің лағыл, асылдары
Сен емессің бе,
Тірлігімнің мағынасындағы.

Мен саған саясын тіледім
Шаңқайда шынар талдың да,
Өкпелетсең де, кінә арта алдым ба?
Үмітімді ақтадың ба сен?
Жылағанда қуанта алдың ба?
Жаман болсаң мені де құлатасың,
Жақсы болсаң аспанға шығарасың да,
Өмірде әлі талай сыналасың да.

Менің кітабымның жақсы болуы
Саған байланысты,
Ұға аласың ба?..
Өрмекшінің ізіндей ойлар
Санамды сызып торлайды,
Бір сазды үзіп толғайды,
Сен бақытты болмасаң, інім,
Менің өмір кітабым қызық болмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ініме өлеңінің авторы кім?

Күләш Ахметова — осы өлеңнің авторы.

Ініме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ініме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Күләш Ахметова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ініме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері