Көктемдегі мұң

Бұл бетте «Көктемдегі мұң» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1482
Тырналардың тізбегі анау, тізіліп.
Найзағай да жарқ етті бір кіжініп.
Шыққа оранған қызғалтақтың бойынан,
Бір тамшы шық Сырғып түсті үзіліп.
Жаңбыр жауды,
Себелеп күн басылмай,
Бұл бір суық көктем бе еді, япырмай.
Дала кезіп жүргенімде күн батты,
Қою түнек адымдады, жақындай.
Еңсем түсіп жаңбырлы түн, езіліп.
Пенделік жыр,
Пенде ғұмыр сезініп.
Малмандайын суға бөккен сұлбамды,
Кептіретін жан жоқ неге, кезігіп?
Кеше күнім, бір мезетте өткендей.
Гүл өмір ай,
Болса екен деп, көктемдей.
Сол көктемде ашылмаған жауһазын,
Мұңаяды шыққа орнанып, көке белде.
Алатауым,
Биік шыңдар, һас тұлға.
Қара төбел азынайды астымда.
Шын бақытым сонда бәлкім, көз жетпес,
Күн құлаған көкжиектің астында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемдегі мұң өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Көктемдегі мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемдегі мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктемдегі мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері