Жүдедім

Бұл бетте «Жүдедім» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Жүдедім...
Сағыныш әнін сап жүрегім.
Жаныңа жете алмай, таң алды
Түсімде жолығып жүремін
Үнемі.
Білемін,
Сенде де осы күй, жарығым,
Хаттарың... сезімің мөлдіреп,
Телефон пернесін сүюмен саусағың
Тересің әрібін.
Жаныңның жұпары әр сөзден сезіліп,
Жылынам...
Қиялда кезігіп.
Содан соң сен жайлы тәп-тәтті түс көрем
Көз іліп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүдедім өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Жүдедім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүдедім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүдедім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері