Жоқ деме – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жоқ деме» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жоқ болса да «бар» дегін, бар дегендер оңалар,
Бар боп тұрып «жоқ» деме, жоқ дегендер жоғалар.
Кім келсе де түнермей тұз-дәміңді татырғын,
Түгі де жоқ, үні жоқ обалар мен молалар.
Байғыз ғана мекендер оба менен молада,
Оған ешкім келмейді түстікке де, қонаға.
Кім келсе де түнермей түрегеліп қарсы алғын,
Хан да, қара, бәрі адам, алалаған оңа ма.
Қарайласқан кемтарға, ер көгерер алғыспен,
Мұратына жеткен кім, қиянат пен қарғыспен?
Жазықсызды жылатып, зәбірлеме жандыны,
Мейірімінді бөліскін адам түгіл аң-құспен.
Жасар болсаң жақсылық, жаның нұрға бөленер,
Жасай көрме жамандық, жазасы улы жебелер.
Он сегіз мың ғаламды тепе-теңдік сақтап тұр,
Сен біреуді жылатсаң, жыларыңа сене бер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоқ деме өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Жоқ деме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоқ деме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоқ деме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері