Қайтесің бағың жанбаса

Бұл бетте «Қайтесің бағың жанбаса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайтесің бағың жанбаса,
Ойлаған бола бермес-ті.
Ойдың да көбі далбаса,
Ойлаймыз кейде өнбесті.
Кім жетті оңай мұратқа,
Кімнің жоқ сәтсіз күндері.
Талайлар талып құлап та,
Талайдың солған гүлдері.
Түңілу алған тағы жат,
Тағдырдан күткен рақым.
Ғайыптан бір күш қағып ап.
Бар шығар шыңы шығатын.
Сергі де серпіл қайғыдан,
Мұқала берме жасықтай.
Бірде жоқ, бірде бай қылған,
Өлшеуіш өмір дүние.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтесің бағың жанбаса өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайтесің бағың жанбаса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтесің бағың жанбаса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтесің бағың жанбаса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері