Адамға – адам

Бұл бетте «Адамға – адам» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1524
Қара нанды жеп жүруші ек қақ бөліп,
Адамға адам бара жатыр жат болып.
Қарның ашса қараспайды қайрылып,
Жаяу қалсаң бере алмайды ат-көлік.
Жүрген жері айқай-ұйқай дау болып,
Адамға адам бара жатыр жау болып,
Тәрік қылып ибалығын, иманын,
Арын сатып, абыройын сауда ғып.
Бір-біріне қарамайды кешіріп,
Адамға адам бара жатыр өшігіп.
Бірте-бірте амалымыз таусылып,
Бірте-бірте үмітіміз кесіліп...
Бірін-бірі жеп қоярдай жек көріп,
Адамға адам бара жатыр кектеніп.
Келте жіптей келмей қойған күрмеуге
Тірлігіміз қалғаны ма шектеліп?!
Жүруші едім құшағымды досқа ашып,
Адамға адам бара жатыр қастасып.
Қосыла сап,
Ертеңіне айрылар
Бір-біріне жаны ашымай қос ғашық!
Тектен-текке бүліндік те, есірдік,
Ұрық бітті...
Құрып бітті өсімдік.
Адамға адам айуан боп барады.
Адамға – адам...
Адамға – адам... не сұмдық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адамға – адам өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Адамға – адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адамға – адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адамға – адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері