Мен де өлермін – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Мен де өлермін» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1300
Мен де өлермін.
Сен де өлерсің.
Ол да өлер.
Одан қашып құтылмайды пенделер.
Дүниенің қиырына жете алмай,
Сеңдей толқып,
Соқтығысып,
Сенделер.
Өтер кім бар сыналмай да, мінелмей,
Өтер кім бар қайғырмай да, түнермей.
Өлмейтіндей көрінеміз, жер басып
Өмір бойы дәл осылай жүрердей.
Тұрғандай-ақ төбемізден төніп бұлт,
Тіл тигіздік,
Басқаларды кеміттік.
Басымызда бақыт мәңгі тұрардай
Бақасқаннан,
Тақасқаннан нені ұттық?!
Не тындырдың,
Не бітірдің,
Неғылдың?..
Бостан-босқа шашылдың да төгілдің.
«Өлі жанға» ұқсап бара жатырмыз,
Кейіпкері секілденіп Гогольдың.
Қалар бәрі.
Тау да қалар, тас қалар.
Орыныңды басар келіп басқалар.
Бекінесің – белдігіңді буарсың,
Өкінерсің – өзегіңе жас тамар.
Өкінерсің,
Опынарсың, жыларсың.
Аһ ұрарсың,
Арпалысып тынарсың.
Ақырында...
Айтып-айтпай не керек,
Ақыретте бұйырар жер – бір аршын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен де өлермін өлеңінің авторы кім?

Серік Тұрғынбеков — осы өлеңнің авторы.

Мен де өлермін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен де өлермін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Тұрғынбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен де өлермін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері