Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

* * *

Бұл бетте «* * *» атты Nur09 жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бір сезімнің сендірген құшағында,
Махаббатқа мас болып сыр ақтардым.
Тағдырдың талғап берген тұсауына,
Іліндім де,ақыры жылап қалдым.

Мен Тәңірден сұрадым баянды үзім,
Қалғанда сезімдерден жырақтанып.
Жастығыма жайылған заям,сызым,
Барады құраулармен құрақтанып,
Ол дағы құлап-талып.

Түсінбеймін, Сен мені түсінген ең, Көзімнен,сөзімнен де,ісімнен де. Әсте,бірақ,алдыңда кішірмегем,
Санаңда сабыр талса түсінбегем,
Мен ашудың ақымақ ісін көрем,
Сезімі шешілмеген.
Алдымда ғашығымның,
Шарасыз сұсын көрем,
Бақыттан жырақ қалып есілмеген,
Мені де кешірмеген.

Қаламаймын,
Құштарлық,махаббатқа жарамаймын,
Мен бақытты жанмын деп санамаймын. Әлдилеймін десең де өзге жанды,
Бара бергің,
Тірдектетіп мен сені таламаймын.
Жолыңа қарамаймын!
Ескірген сандығымның естелігін,
Көз жасыммен сүйіп-ап жуамын да, Таралаймын, болмаса Бағалаймын!

Айырған тым есімнен кешегі күн,
Төсегіме жайылған төселі мұң.
Бейкүнә жанарымды түсінер кім?
Ақпан қыздың қайғысын кешеді кім?
Мейірімсіз көрінген келбетімнен,
Боран соғып,суық жел еседі тым.
Тұрақ тауып тыныштау жер бетінен,
Менің мына қайғымды шешеді кім?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

* * * өлеңінің авторы кім?

Nur09 — осы өлеңнің авторы.

* * * өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

* * * өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Nur09 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

* * * өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер