Хат тасушы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Хат тасушы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4026
Күндіз-түн, қарашы,
Жоқ онда демалыс.
Жүректер арасы —
Ең жақын, ең алыс.
Сыйғызған көп елді
Болса да әлем кең,
Көңіл мен көңілді
Жалғайды сәлеммен.
Дәрігер демейді
Оны жұрт,
Е, мейлі!
Ауруды ол кейде
Хатпен де емдейді.
Қары да талады
Мереке кездерде.
Сумкасы толады
Ең ыстық сөздерге.
Ыстық сөз!
Лайым
Суық сөз болмасын!
Тасуға ол дайын
Шаттықтың тоннасын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері