Үзінді – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Үзінді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 940
Мен жүргем жүрек оты кезде маздар
Анселей жотасында,
Жотаға ақ тентек қыс кигізді ызғар
Қар құйын бұрқасында.
Жүрегім сағат сайын сонда дүркін
Сүйетін тыныстауды.
Мен үшін Мэри сәулем мөлдір күлкің
Бұл күнде алыстады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері