Әмірхан Балқыбектің рухына – Жанат Жаңқашұлы

Бұл бетте «Әмірхан Балқыбектің рухына» атты Жанат Жаңқашұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.05.2023
  • 0
  • 0
  • 701
Ей, адамдар, содан қалған отты ізде,
Ондай сері қалмады енді көк-түзде.
Бөрі болсаң ит ғұмырды кешуден,
Өткен азап жоқ бізде!

Абаданым, айға қарап ұлыған,
Қара түнек болып кетті шұғылам.
Қайда кеттің қазағыңды қалдырып,
Қайда кетті сен айтатын тұнық ән?

Бүгін балбал күрсінеді, мен білем,
Қонбас жанға жалғандағы ендігі ем.
Тар заманға сыймай кеткен сен де бір,
Құдіреттің бере салған кеңдігі ең.

Бөрімді іздеп, ұли берем мен енді,
Сен бақидан жырақ салдың кемеңді.
"Қасқыр құдай болған кезде" тумадың,
Еме алмадың Ашина-Ару енеңді.

Табаныңда үгілуші еді тас бұрын...
Қалмады ма түңілуден басқа ырым?
Сес көрсетіп жүрмедің бе, ездерге,
Ит заманға сыймай кеткен қасқырым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері