Балалық махаббат – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Балалық махаббат» атты Абдрахман Асылбек жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4409
Балалық махаббатым
Алдыңда ақтарылды.
Шашатын шапағатын
Көп күттім ақ таңымды.
Ол кезде балаң едім,
Еш нәрсе ойламаған.
Ойынмен алаң едім,
Өмірге бойламаған.
Мәз едім, ойнаған боп,
Шашынан тартып өтсем.
Әрине, ойлағам жоқ,
Қыздардың алды деп сен.
Ай, жылдар өткен сайын,
Арамыз жақындады.
Сен гүлдеп көктем сайын,
Жүрегім лапылдады.
Біртіндеп қос анарың,
Кеудеңді кере берді.
Қалайша тоса аламын?
Ұстағым келе берді.
Сен енді жеңіл емес,
Сәніңмен салмақтандың.
Күлкің де тегін емес,
Айрықша ардақталдың.
Өзіңді сәл көрмесем,
Сабырым кетер болды.
Сөзіме мән бермесең,
Қадірің өтер болды.
Тілектер бір болғанмен,
Екеуміз екі үйдеміз.
Іс бітпес құр арманмен,
Ойлашы, не күйдеміз?
Балауса бала кезден
Жанымыз бір еді ғой.
Жетіліп сана-безбен,
Тәніміз түледі ғой.
Балалық өз алдына,
Ғашықтық бөлек екен.
Келші тез, тез алдыма,
Қосылу керек екен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық махаббат өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Балалық махаббат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық махаббат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық махаббат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері