Өлшем

Бұл бетте «Өлшем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1182
Бәрі өлшеулі,
Деміңе дейін өлшеулі,
Тағдырдың салдар-себіне дейін өлшеулі.
Жаялық, күндақ жеріңе дейін өлшеулі,
Жаялық, күндақ төріңе дейін өлшеулі,
(К. МЫРЗАБЕКОВ. Ауыл мен астана. 10-бет)
Табиғат заңын ақылға салып көрсең сен,
Барлығы бірдей мысқалға дейін өлшенген.
Ауытқып кетсең болғаны одан сәл ғана,
Қарызға батып шығасың лезде белшеңнен.
Табиғат заңын ақылға салып көрсең сен
Өмірің сенің минутқа дейін өлшенген.
Талқаның сенің таусылған күні өлесің,
Қаншама мықты болғаныңменен мөлшерден.
Табиғат заңын ақылға салып көрсең сен,
Қызмет бабы – төріңе дейін өлшенген.
Өрекпін жүрген көңілің сенің түк емес,
Жататын құйттай жеріңе дейін өлшенген.
Табиғат заңын ақылға салып көрсең сен,
Түк емес өлең,
Талантқа дейін өлшенген.
Өлеңім менің өмірлік өлмес жол тауып,
Арманым жоқ-ау,
Атақты болып өлсем мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлшем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Өлшем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлшем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлшем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері