Өзімді өзім жеп жатырмын

Бұл бетте «Өзімді өзім жеп жатырмын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 733
Қазақтардың
Бiрiн бiрi жеп жатқанындай
Мен де өзiмдi өзiм
Жеп жатырмын.
Өзiмдi-өзiм жеп –
Рахаттанып! –
Iсiп жатырмын.
Өз қанымды өзiм
Сораптап
Iшiп жатырмын.
Өзiмдi-өзiм –
Бұралақтап! –
Асап жатырмын.
Пай-пай-пай! –
Өз қаныма өзiм тойып
Жасап жатырмын.
... Осы бiр сәт
Менiң сүйегiмдi үгiтiп,
Қайрат, қуатымды
Уатып тынар...
Ендi менен
Өлең туса –
Үстiнен қан сорғалаған
Өлең туатын шығар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзімді өзім жеп жатырмын өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өзімді өзім жеп жатырмын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзімді өзім жеп жатырмын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзімді өзім жеп жатырмын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері