Ұр, тоқпақ

Бұл бетте «Ұр, тоқпақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1693
Ақын ақын болар ма?
Ақын батыл болар ма?
Өз ұлтының тағдырын
Толғамаса шын тоқтап?
Ертегі емес, тегінде,
Мына біздің өмірге
Керек екен «Ұр, Тоқпақ!»
Іске аспаса заңымыз,
Болмақ қандай мәніміз?
Керек екен «Ұр, Тоқпақ!»
Мейманасы асқанға,
Заңды белден басқанға
Керек екен «Ұр,Тоқпақ!»
Айналаңа қара, көр,
Қаптап кеткен парахор,
Керек екен «Ұр,Тоқпақ!»
Жастар сыйлап кәріңді,
Абырой мен арыңды
Қалар екен кім сақтап?
Жарқыратып кіндігін,
Қыздар түрсе түндігін,
Керек екен «Ұр,Тоқпақ!»
«Біреу еді опағым,
Екеу болды сопағым», –
Деген екен аналар,
Ұрпағына сыр сақтап.
Деп кірген ел бағынсын –
Тіліңді орыс не қылсын?
Келді енді «ағылшын»,
Төрге шықпақ бір сәтте-ақ.
Жылжығанмен бір адым,
Кері кетіп екі адым,
Тіліміз тек тыртақтап,
Бір орнында тұр тоқтап,
Керек екен «Ұр, Тоқпақ!»
Парламент пен Өкімет
Кергенімен көкірек,
Жиырма жылдың ішінде
Бейшаралық пішінде,
Тек орысша сөйлесе,
Оларға да ендеше,
Керек екен «Ұр, Тоқпақ!»
Сақтамасаң тіліңді,
Сақтамасаң дініңді,
Халық дейді кім мақтап?
Сақтаған боп түріңді,
«Көргенмен бір күніңді»,
Тез-ақ еріп кетерсің
Қар секілді үрінді.
Асқан жалқау анық біз –
Қазақ деген халықпыз.
Көп нәсіптен осылай
Құр алақан қалыппыз.
Қамшылауға намысты,
Түзетуге шабысты,
Керек екен «Ұр,Тоқпақ!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұр, тоқпақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ұр, тоқпақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұр, тоқпақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұр, тоқпақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері