Қаймығып қақпа алдына көп келемін – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қаймығып қақпа алдына көп келемін» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1210
Қаймығып қақпа алдына көп келемін,
Үйінде бар ма, жоқ па деп келемін.
Таба алмай қайтсам-дағы қапаланып,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.
Төгіліп кемерінен төкпегенім,
Тулайды жүрегімде отты өлеңім.
Қалсам да кақпа алдында ұзақ тұрып,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.
Түндері тамылжыған көктеменің
Жұлдыздай қол жетпейтін көкте ме едің?
Көзіңді көрсем болды күлімдеген,
Келмейді саған ешбір өкпелегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаймығып қақпа алдына көп келемін өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қаймығып қақпа алдына көп келемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаймығып қақпа алдына көп келемін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаймығып қақпа алдына көп келемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері