Көздер, көздер

Бұл бетте «Көздер, көздер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 2799
Көздер, көздер күлімдеген күні бар,
Сол көздердің үнсіз тілін кім ұғар.
Осы көздің құдіретіне кезіксем,
Жол таппаймын басқа жаққа бұрылар.
Көп көздердің бір көз болып арманы,
Көз түбіне өмір ұйып, көл тұнған.
Бұл өмірдің қызығына тойдырып,
Кім бар екен көз кемерін толтырған.
Көздер, көздер кең өмірден аумаған,
Көздер, көздер сұлулықты таңдаған.
Осы көзден таң хабары таралып,
Қуаныштан бір тамшы жас аунаған.
Көздер, көздер кеші батып таңы атқан,
Көздер, көздер бар сабырын тонатқан.
Қолмен емес, осы көзбен арбасып,
Біреулер жүр бір-біріне оқ атқан.
Көздер, көздер қысы менен жазы бар,
Сол көздерден біреу күлкі, наз ұғар.
Көз тілімен дүниенің дастаны,
Қотарылып көкірегіме жазылар.
* * *
Кең сарай кейде кеудем бір,
Шығатын небір күй тасып.
Ағылып арман көлдей жыр,
Жанымда жатыр ұйқасып.
Алысқа қадап көзімді,
Өндірмей жолды қалам түк.
Сол сәтте, достым, өзімді,
Алғандай болам жоғалтып.
Талапты тегін кім берген,
Талаппен адам жолды ұтқан.
Қалыспай мынау күндермен,
Жүгіріп келем сондықтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көздер, көздер өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көздер, көздер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көздер, көздер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көздер, көздер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері