Достың бірі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Достың бірі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 670
Ә дегенше елден озып енді иық,
көтеріліп шыға келдің сен биік.
Бақ-дәреже, абыройды, атақты
бір-ақ сәтте дарқан тағдыр берді үйіп.
Ұмытылып кеше көрген жәбірің,
айналаңа жүріп берді әмірің.
Қасқа маңдай жиырылып-жазылып,
салмақтана бастағандай әрі үнің.
Көтермелеп қошеметшіл зәлімдер,
бір-ақ күнде байқап қалды әліңді ел.
штаттағы жансызың бар,
жұртыңның
үшкіргенін, түшкіргенін мәлімдер.
Тез үйрендің өзіңді өзің бұлдауды,
кісі сөзін қырын қарап тыңдауды,
айлап созып әдеттене бастадың
қас қағымда бітіретін бір дауды.
Біраз елге жүре бастап билігің,
бірімін деп қалдың білем "милының",
Қабақ шытып танысыңа кешегі,
ұмытпадың намысыңа тиді кім.
Түгел жұмсап алпыс екі айланды,
іші-сыртың мәліш қойдай майланды,
күні кеше шашпауыңды көтерген
құрдастарың, сырластарың қайда әлгі?!
"Қайда барсаң осы ғой, — деп, — ел деген!"
жұрағаттан жеріп шыға келген ең,
қара төбет сияқтанып менмеңдік
арамызға жатып алды көлденең.
Күні кеше күшің мәлім, сұсың кем,
сен де біздей кебенектің ішінде ең,
айналаңа адырая қарайсың,
құдай болып туа қалған пішінмен.
Тиді қолға абырой да, әмір де,
бөліне де жатар әлі сан ірге,
өйткені сен қырын қарай бастадың
дәрежеңді артық еткен тәңірге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достың бірі өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Достың бірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достың бірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Достың бірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері