Өкінбейді – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өкінбейді» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Өкінеді біреулер әкем жоқ деп,
Өкінеді біреулер шешем жоқ деп.
Өкінбейді, сенбейді ешбір адам,
Ақыл-есің егер де десең жоқ деп.
Өкінеді біреулер аға жоқ деп,
Өкінеді біреулер бала жоқ деп.
Өкінбейді, бірақ та, адам деген,
Ойлар түйсік, сезінер сана жоқ деп.
Өкінеді біреулер жарым жоқ деп,
Өкінеді біреулер малым жоқ деп.
Өкінгенін көрмедім ешбір жанның,
Бетте қытық, абырой, арым жоқ деп.
Ақыл-еске табиғат мырза болып,
Әркім жүр өз басына риза болып.
Ақыл-естің әйтпесе, таласынан,
Кетер еді бет-мұрын мылжа болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкінбейді өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Өкінбейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкінбейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкінбейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері