Қара нар керек біздің бұл іске

Бұл бетте «Қара нар керек біздің бұл іске» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 2
  • 18272
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір - біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Маң-маң басқан сары атан
Маңғыстап шығар өріске.
Бұрынғыдай қарыны
Қона алмадық қонысқа,
Келе алмадық келіс.
Жағалай қонып қонысқа,
Тағы жақын келдік орысқа.
Ат басына соқтырып,
Ата-енені сөктіріп,
Нәлет болсын, жігіттер,
Біздің осы жүрген жүріске
Тағыда таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,
Тағы сынды мырза едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансақ тағы болар ма,
Тәңірінің салған бұл іске.


Пікірлер (2)

Темирлан

Бул Махамбет Отемисулынын олендеры катты унайт . Мен озым сонын урпгымын .

Оразәлі

Мммм солай де, жарайсың!!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара нар керек біздің бұл іске өлеңінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы — осы өлеңнің авторы.

Қара нар керек біздің бұл іске өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара нар керек біздің бұл іске өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Махамбет Өтемісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара нар керек біздің бұл іске өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері