Толғанғын, жаным – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Толғанғын, жаным» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Толғанғын, жаным, толғану үшін жаралған,
Толғану үшін жеткізбей кеткен сан арман.
Үмітті үрлеп жылт еткен түнгі оттардай,
Тәтті екен күндер қиялға қайта оралған.
Қиялмен шертіп, күндерді сол бір күй еткен,
Домбыра – өмір, іштегі – сезім, тиек – мен.
Жадағай көңілім жабырқау тартқан шақтарда,
От-жалын жырым, тасқындат мені сүйеп сен.
От-жалын жырым, суынып, сөне көрмегін,
Суынар болсаң – тірідей менің өлгенім.
Ұйқымнан айыр, күлкімнен айыр, күн берме,
Сонда да сенсің қаруым, күшім, сенгенім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толғанғын, жаным өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Толғанғын, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толғанғын, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толғанғын, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері