Бір құдірет күтемін
Бұл бетте «Бір құдірет күтемін» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарайламай қимас шақ кете бардың,
Әдеті ғой, өкініш, есебі аздың.
Әпкеңдеймін, міне енді, қапы қалып,
Неше рет жаңылып, неше жаздым.
Қабағымды бір зіл бар көтертпейтін,
Көлеңкелеп мінездің кесек кейпін.
Еркімді алар күтемін бір құдірет
Бұғалық сап, бұлқынтпай жетектейтін.
Сол керемет, сеземін, жақын жүрсің,
Байқа деме, естігем, ақыл — құрсын!
Жарқ еткенде нұр сәуле бойды тіліп,
Ұрса-ұрсын, найзағай, ақынды ұрсын!
Жүрек кетсе сол нұрмен арайланып,
Бақыт қонар, тап-таза, сарай жарық!
Жан да рахат сезінсе сол ғажаптан,
Жан-жағыңа сонан соң тарайды анық!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі