Апыр-ау, сол бір шақ қайда – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апыр-ау, сол бір шақ қайда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1343
Апыр-ау, сол бір шақ қайда,
айнала тірлік — бәрі айқын,
шашыңнан сыйпап мап-майда,
мақтана жұртқа қарайтын?
Қаланы кезіп кештетіп,
қарамай жанға мұндайда,
егіле сүйіп,
ес кетіп,
еліге құшқан түн қайда?
Айтуға бәрін сөз қайда?
Көз қайда өзім сан өпкен?
Қойсақ па, тегі, созбай да,
озбай да енді әдептен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апыр-ау, сол бір шақ қайда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Апыр-ау, сол бір шақ қайда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апыр-ау, сол бір шақ қайда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апыр-ау, сол бір шақ қайда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері