Біз – қазақпыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Біз – қазақпыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2928
Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Атырау мен Алтайдың арасында,
Ертіс пен Сыр, Жайықтың жағасында,
Біз қазақпыз ежелден еркін өскен
Жасыл жайлау жазира даласында.

Қайырмасы:
Біз – қазақпыз ерікті,
Байтақ жері көрікті.
Асқар таулар – айбыны,
Бақша-баулар – байлығы.
Кереметтей кеңдігі –
Кеңпейілді елдігі.
Ерекше бір ерлігі –
Тәуелсіздік теңдігі.

Дақ түсірмей көңілдің кеңдігіне,
Ерке мінез, ер жүрек елдігіне,
Біз қазақпыз мың өліп, мың тіріліп,
Қол жеткізген тәуелсіз теңдігіне.

Қайырмасы.

Қасиеттеп, қастерлер халқымызды,
Ата дәстүр, салтанат, салтымызды,
Біз қазақпыз бабалар айбынымен
Асқақтатқан абырой, даңқымызды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз – қазақпыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Біз – қазақпыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз – қазақпыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз – қазақпыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері