Құр мақтан – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Құр мақтан» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Көзімін бе көненің,
өзімін бе мықтының —
бастық еді —
алдымнан
машина алып шықты інім,
сол-ақ екен ағайын
аяғынан тік тұрып.
төбесіне көтеріп,
дүрлігісті құтты күн...
Қауқылдасып кәрісі,
жарқылдасып жастары,
мәртебемді менің де
бір көтеріп тастады,
Менменсіген дүлейді
маңайымнан жүргізбей,
үрейді де манағы
ұмыттыра бастады.
Айналдым ба тәңірге —
айналаның бәрі асқақ
ымдағаным — әмір де,
тыңдағаным кәрі аспап,
той-думанын қызықтап,
кете бердім ауылдың
көкіректе қамалған
ойдың бәрін аластап.
...Әй, мақтаншақ қазақ-ай!
оңбайтын-ақ шығармыз,—
дүрмекке де қайдағы,
құрметке де құмармыз,
күпінуге келгенде
алдымызға жан салмай,
билік десе бүлініп,
жүгініп-ақ тұрамыз!
Дәрежеден дәмелің —
жоралғыны,
жолды іркіп,
үлкен-кіші ұлықтан
былайғы жұрт болды үркіп.
Құрмет көсек —
күпініп,
елпілдедік баладай,
жүргеніне қарамай,
бәрімізді сол құртып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құр мақтан өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Құр мақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құр мақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құр мақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері