Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің» атты Сәкен Иманасов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1151
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім тусті??
Абай

Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің,
иісі жаман демедің иі қанбас құрғырдың,
арбауына тап болып алпыс екі айланың,
бағынды да байладың, сағыңды да сындырдың...

Тістегенің тірнек те, иіскегенің боқ-сідік,
қарсы шыға алмадың қас жауыңа тепсініп,
бойлай өсе қоймасы белгілі еді бұрыннан
былқ-сылқ еткен буыны бұтағы морт көк шыбық.
Берсе деумен әрдайым албастының өзі дем,
өткің келіп тұрады жүзіктің де көзінен,
күнің үшін құлға да құл болудан қашпайтын
Кейқуаттай кейпіңді көрмей тұрып сезіп ем.
Күнің үшін қолтықтан құлдың өзін тез демеп,
бас шұлғыған түріңнен баяғыда-ақ безген ек.
Алғыс десе өлесің, қарғысқа да көнесің,
ешкілерді апалап, текелерді жезделеп.
Жақсылармен жарыста түспеді ме тұяқ тең,
араздаса бастадың аузындағы ұятпен,
өлмеу үшін өзі тек — жақыны ма, жаты ма,
қалдыратын қапыда қысыр жылан сияқты ең.
...Біздікі де, құдай-ау, не көрмеген ғаріп бас,
қысыр жылан шақты деп жараланып жарытпас,
сұрайтыным тек қана, құдай тыным бергенше
мені керсең аулаққа ат-тоныңды алып қаш!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана көтке бір кірдің, мына көтке бір кірдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері