Батыр баба Биназар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Батыр баба Биназар» атты Абдрахман Асылбек жазған ерлік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2003
Сұлу Сұңқар – тамаша тау етегі,
Биназар деп жүректер лау етеді.
Жақсылығы тисін деп жақсы жанның,
Күмбезіңе көпшілік тәуетеді.
Қасиетті Биназар – батыр баба,
Бағаң артып күн сайын жатыр, баба.
Бастап едің бірлікке ел-жұртыңды,
Басшы болып қайрат пен ақылға да.
Мына жайлау, мына тау, мына дала,
Шалқыған Шу, сылдырлы бұлақ-ана.
Айналсын деп елімнің бақытына,
Шығып едің қолыңа шырақ ала.
Айналайын атыңнан ұлық бабам,
Асау Шуды бұғаулап, құрықтаған.
Дихандыққа үйретіп ел-жұртыңды,
Құм ішіне нәр бердің, бұрып тоған.
Қара бұлтын төбеден торлатқан күн,
Жаулардан да жеріңді қорғап қалдың.
Енді, міне, Хантаудың төбесінде
Ескерткіш боп міңгілік орнап қалдың.
Қастерлемес өзіңді қалмас бір жан,
Ел есінде ісің мен алмас тұлғаң.
Еңбектегі ересен ерлігіңді
Ұрпақтарың жалынды жалғастырған.
Айналайын атыңнан ұлық бабам,
Қасиетіңді қастерлеп, кім ұқпаған?
Көрген сайын қияннан күмбезіңді,
Басымды иіп, бір мезет тұрып қалам.
Батыр баба, Сұңқардың сәні болып,
Шырқаласың еліңнің әні болып.
Бір кездері бұл жерді хан жайласа,
Өзің қалдың Хантаудың ханы болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Батыр баба Биназар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Батыр баба Биназар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Батыр баба Биназар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ерлік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Батыр баба Биназар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері