Біріңді-бірің ұлы санамағын
Бұл бетте «Біріңді-бірің ұлы санамағын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.01.2024
- 0
- 0
- 1010
Хансың ба, қарасың ба, данасың ба?
Тілегім адамзаттың баласына.
«Ұлымын, ұлықпын» деп, бір Алланың,
Қаһарлы ұшырама жазасына.
Біріңді-бірің ұлық санамағын,
«Құлы» деп, бір Алланың бағалағын.
Бірің тақ, бірің ат та, бірің жер де,
Бір қадам үшеуіңнің араларың.
Ғаламды он сегіз мың жаратқан кім?
Әлемге нұр сәулесін таратқан кім?
Бір Алла ұлы да өзі, ұлық та өзі,
«Ұлы» деп бір Алланы мадақтағын.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі