Құлажанов Құралбекке – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Құлажанов Құралбекке» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шалқыған көл дария көңіліңмен,
Басқаға үлгі болдың өміріңмен.
Бәйдібек ұрпағының ішіндегі,
Біртума азаматсың жөні бөлек.
Ернұрың – жан шуағың, жұбанышың,
Бүгінгі құтты болсын қуанышың.
Азаматы азайған заманада,
Арқа тірер еліңнің шынарысың.
Айрықша о бастан-ақ асыл тегің,
Бөлене бер бақытқа, Құралбегім.
Өзіңсің ағайындар арасында,
Ата жол кісіліктің білер жөнің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері